RU: 11 декабря 2024 года в Астане состоялась панельная дискуссия, организованная Альянсом креативных индустрий Казахстана (CIAQ) и Научно-исследовательской системой Назарбаев Университета (NURIS). Обсуждали возможности инвестирования в креативный сектор Казахстана, где предприниматели, инвесторы и политики затронули важные вопросы и предложили решения для стимулирования роста отрасли.
Креативные индустрии — это динамично развивающийся сегмент экономики, отличающийся от традиционных отраслей, таких как горнодобывающая промышленность или сельское хозяйство. В этой области ценность создается через интеллектуальную собственность и идеи. Однако в Казахстане этот бизнес-модель еще сравнительно новая, и требует пояснений для инвесторов и властей.
В чем проблемы? Недостаток инвестиций и ограниченный доступ к капиталу — главные проблемы креативных индустрий в Казахстане. Для решения этих вопросов CIAQ проводит регулярные встречи, делясь успешными примерами, показывая прибыльность таких секторов, как кино, музыка, медиа и дизайн, а также определяя, какую поддержку необходимо предоставить государству.
Перспективы роста Креативные индустрии — одна из самых быстрорастущих экономик в мире. Казахстан еще в 2021 году принял концепцию развития креативных индустрий, и, по данным Deloitte, вклад креативных индустрий в ВВП Казахстана составляет 2,7%. Для сравнения, в Великобритании и Германии этот показатель достигает 14% и 10% соответственно. Это говорит о том, что Казахстан имеет огромный потенциал для роста.
Какие решения? Важнейшие направления для государственной поддержки креативных индустрий включают организацию мероприятий, развитие творческих кластеров, исследования в области креативной экономики и поддержку образовательных инициатив. Также необходимо наладить систему, которая превращала бы художественные проекты в коммерчески успешные бизнес-продукты, с четкими условиями для инвесторов.
Необходимость образования и подготовки Многие создатели проектов в Казахстане нуждаются в дополнительном обучении для правильного планирования и оценки инвестиционной привлекательности своих идей. Инвесторы, в свою очередь, не всегда готовы к рискам, связанным с творческими проектами, что затрудняет привлечение капиталовложений.
Что нужно для роста? Основной акцент необходимо делать на международные рынки, создавая масштабируемые продукты, которые могут привлечь венчурные инвестиции. Важно понимать, что для привлечения инвесторов, проекты должны быть понятными и хорошо структурированными, а сам рынок — достаточно развитым для создания экспортного потенциала.
Будущее креативных индустрийКазахстана По словам участников мероприятия, Казахстан обладает огромным творческим потенциалом, и с надлежащей поддержкой и внедрением нужных механизмов, креативные индустрии могут стать важным экспортно-ориентированным сектором экономики.
KZ:
2024 жылғы 11 желтоқсанда Астанада Қазақстанның Креативті Индустриялар Альянсы (CIAQ) мен Назарбаев Университетінің Ғылыми-зерттеу жүйесі (NURIS) ұйымдастырған панельдік пікірталас өтті. Шара барысында Қазақстанның креативті секторының инвестициялық мүмкіндіктері талқыланып, кәсіпкерлер, инвесторлар мен саясаткерлер маңызды мәселелерді қозғап, саланың дамуын ынталандыру үшін шешімдер ұсынды.
Креативті индустриялар – бұл дәстүрлі салалардан, мысалы, тау-кен өндірісі немесе ауыл шаруашылығынан ерекшеленетін экономиканың қарқынды дамып келе жатқан сегменті. Мұнда құндылық интеллектуалды меншік пен идеялар арқылы қалыптасады. Алайда, Қазақстанда бұл бизнес-модель әлі де жаңа болғандықтан, инвесторлар мен билік өкілдеріне түсіндіруді қажет етеді.
Мәселелер қандай? Инвестициялардың жеткіліксіздігі мен капиталға қолжетімділіктің шектелуі – Қазақстандағы креативті индустриялардағы басты мәселелер. Бұл проблемаларды шешу үшін CIAQ тұрақты кездесулер өткізіп, кино, музыка, медиа және дизайн сияқты секторлардың табыстылығын көрсетіп, мемлекет тарапынан қажетті қолдауды айқындайды.
Өсу перспективалары. Креативті индустриялар – әлемдегі ең қарқынды дамып жатқан экономикалардың бірі. Қазақстан 2021 жылы креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасын қабылдаған болатын. Deloitte мәліметтеріне сәйкес, бұл саланың Қазақстанның ЖІӨ-дегі үлесі 2,7%-ды құрайды. Салыстырмалы түрде, Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 14%-ға, ал Германияда 10%-ға жетеді. Бұл Қазақстанда креативті индустриялардың өсуіне үлкен әлеует бар екенін көрсетеді.
Шешімдер қандай? Мемлекеттік қолдаудың маңызды бағыттарына іс-шаралар ұйымдастыру, шығармашылық кластерлерді дамыту, креативті экономиканы зерттеу және білім беру бастамаларын қолдау жатады. Сонымен қатар, көркем жобаларды коммерциялық тұрғыдан табысты бизнес өнімдерге айналдыратын жүйе құру, сондай-ақ инвесторларға түсінікті әрі тиімді шарттарды қамтамасыз ету қажет.
Білім беру мен дайындықтың қажеттілігі. Қазақстандағы көптеген шығармашылық жоба авторлары өз идеяларының инвестициялық тартымдылығын дұрыс жоспарлап, бағалау үшін қосымша білімге мұқтаж. Инвесторлар да шығармашылық жобалармен байланысты тәуекелдерге дайын бола бермейді, бұл капитал тартуды қиындатады.
Өсу үшін не қажет? Негізгі назарды халықаралық нарықтарға аударып, венчурлық инвестицияларды тарта алатын ауқымды өнімдер жасау керек. Инвесторлар үшін жобалардың түсінікті, жақсы құрылымдалған болуы және нарықтың экспорттық әлеуетке ие болуы маңызды.
Қазақстанның креативті индустрияларының болашағы. Шараға қатысушылардың пікірінше, Қазақстанда үлкен шығармашылық әлеует бар. Дұрыс қолдау көрсетіліп, қажетті механизмдер енгізілсе, креативті индустриялар экономиканың экспортқа бағытталған маңызды секторына айнала алады.
EN:
On December 11, 2024, a panel discussion took place in Astana, organized by the Creative Industries Alliance of Kazakhstan (CIAQ) and the Nazarbayev University Research and Innovation System (NURIS). The event addressed investment opportunities in Kazakhstan's creative sector, where entrepreneurs, investors, and policymakers discussed key issues and proposed solutions to stimulate industry growth.
The creative industries represent a rapidly growing segment of the economy, distinct from traditional sectors such as mining or agriculture. In this field, value is created through intellectual property and ideas. However, in Kazakhstan, this business model remains relatively new and requires further clarification for investors and government stakeholders.
What are the issues? A lack of investment and limited access to capital are among the primary challenges facing Kazakhstan's creative industries. To address these concerns, CIAQ regularly hosts events, shares success stories, demonstrates the profitability of sectors like film, music, media, and design, and identifies the kind of support required from the state.
Growth prospects. The creative industries are among the fastest-growing economies worldwide. In 2021, Kazakhstan adopted a strategy for developing creative industries. According to Deloitte, the sector’s contribution to Kazakhstan’s GDP is 2.7%. By comparison, this figure reaches 14% in the United Kingdom and 10% in Germany. This highlights Kazakhstan’s significant potential for growth.
What are the solutions? Key areas for government support include organizing events, developing creative clusters, conducting research in the creative economy, and supporting educational initiatives. It is also essential to establish a system that transforms artistic projects into commercially successful business products, with clear and favorable conditions for investors.
The need for education and training. Many project creators in Kazakhstan require additional education to properly plan and evaluate the investment attractiveness of their ideas. At the same time, investors are not always prepared for the risks associated with creative projects, making it difficult to attract capital.
What is needed for growth? The primary focus should be on international markets, creating scalable products that can attract venture capital. For investors, it is crucial that projects are clear, well-structured, and part of a sufficiently developed market capable of creating export potential.
The future of Kazakhstan’s creative industries. According to participants at the event, Kazakhstan possesses tremendous creative potential. With proper support and the introduction of effective mechanisms, the creative industries can become an important export-oriented sector of the economy.